06
март
2022
«Мерекеңмен, анашым!»
№67 негізгі орта мектеп тәрбиешісі Бекова Айгуль Бауыржанқызының ұйымдастыруымен мектепалды даярлық сыныбына 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Мерекеңмен, анашым!» тақырыбында ертеңгілік өтті.
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау.
Ананың мейрімін, махаббатын, жақсылығын түсіну.
Ана еңбегін қадірлей білу.