31
май
2022
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ АЛДЫНДА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУI
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ АЛДЫНДА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУI ЖӘНЕ АТА-АНАЛАР КОММИТЕТТЕРIНIҢ ЖИНАЛЫСЫ
2022 жылдың 19 мамыр күні Шымкент қаласы бiлiм басқармасына қарасты №67 негiзгi орта бiлiм беретiн мектебiнiң директоры Мырзабаева Ханзура Бекжанқызы ата-аналар алдында 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша есеп бердi.Күн тәртібінде қаралған мәселелер;
1.2021-2022 оқу жылының бiлiм бойынша ұстаздар мен оқушылардың жетicтiктерi.
2.2021-2022 оқу жылында мектеп мұғалiмдерiнiң аттестациялауға қатысуы және қорытындысы.
3.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бiтipушi 9 сыныптарға және ата-аналарға соңғы қоңыраудың ұйымдастырылу тәртiбiн түсiндipу жұмыстары.
4.2021-2022 оқу жылының бiлiм сапасы, 9 сыныптың мемлекеттік емтихан тапсыру шараларын ұйымдастыру.
5. Жазғы мектептi ұйымдастыру, бiлiм сапасын арттыру.
7.Жаңа оқу жылындағы оқушыладың бекiтiлген форма үлгici.
2022 жылдың қаңтар айынан бергi атқарылған жұмыстар мен қаржылық есептерге түгел талдау жасап мәлiмет бердi.Жиналыс барысында мектеп әкімшілігі тарапынан, ата-аналардың алдыңғы оқу жылына қатысты қойылған сұрақтарына жауап берiлiп, оқу жылында үздiк және белсендiлiк танытқан оқушылардың ата-аналары Алғыс хаттарымен марапатталды.
Жиналыс соңында мектебiмiздiң көп балалы ата-анасы Керiмкулова Ұлжалғас апай берiлген есепке қанағаттанатынын жеткiзiп, мектеп ұжымына табыс тiледi.Мектеп әкімшілігі мен ата-аналар 2021-2022 ж бipлесе атқарған жұмыстары үшiн бip-бipiне жылы лебiздерiн бiлдipдi.