08
сентябрь
2022
«АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР»
№67 негізгі орта мектеп оқушыларына «Абайлаңыз балалар» акциясы аясында бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Акцияның негізгі мақсаты:Оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Оның ішінде балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру.Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру,көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту.
Мектеп директоры,тәрбие орынбасарлары, мектеп инспекторы және сынып жетекшілер таңертеңнен оқушыларды мектеп ауласынан күтіп алып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырады.
Сонымен қатар, оқушыларға сынып сағаттарында да жолда жүру ережелері мен қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау мәдениеті бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.