12
сентябрь
2022
5-9 сыныптың қыз балаларына жиналыс өткізілді
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта білім беретін мектебінде 5-9 сыныптың қыз балаларына жиналыс өткізілді. Жиналыста мектеп психологы, аға тәлімгер және қыздар ұйымының төрайымы қыздарға жеке бас гигиенасы, қызбалаларының бойында,мінез-құлқында болу керек қасиеттер, мектеп формасын сақтау жайында айтып, түсіндірме жұмысын жүргізді. Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттық тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғанын олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеу керектігі айтылды.