04
апрель
2023
Интернет-ресурстардағы балаға қатысты кибербуллинг фактілері
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 67 негізгі орта білім беретін мектепте мектеп- психологы Сагиндикева Райхан ата-аналармен 1999ж 23 шілдедегі 451 заңның балаға қатысты интернет ресурстарда кибербуллинг фактілерін қарау мәселесі бойынша 18-4 баптың толықтыруларын түсіндіру жұмыстары жүргізді.
18-4-бап. Интернет-ресурстардағы балаға қатысты кибербуллинг фактілерін қарау мәселелері бойынша өтініштер
1. Балаға қатысты кибербуллинг фактілері анықталған жағдайда, азамат не баланың заңды өкілі құқыққа қарсы әрекеттер орын алған интернет-ресурстың атауын көрсете отырып, балаға қатысты жасалып жатқан кибербуллинг фактілері туралы өтінішпен уәкілетті органға жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жүгінуге құқылы.
2. Егер өтініш мазмұнында балаға қатысты кибербуллинг фактілері жасалып жатқан интернет-ресурс көрсетілмесе, өтінішті қараудан бас тартылады.
3. Кибербуллинг фактілері бойынша азамат не баланың заңды өкілі өтінішіне жауап ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін уәкілетті органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Өтінішті қараудан бас тартуға азамат не баланың заңды өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады
Өзгертілген заңмен ата аналарға таныстырылып, түсіндірілді. Ата-аналардың пікірі тыңдалып, талқыланып нәтижеге бағытталатыны айтылып өтілді
#Шымкентқаласыбілім_басқармасы
#Шымкентəдістемелікорталық