25
апрель
2023
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта білім беретін мектебінің әкімшілігі мына төмендегі жайларды назарларыңызға ұсынады əрі ескертеді!
2022-2023 оқу жылының түлектерінің мектепті тəмамдауға байланысты барлық іс-шаралары мектеп қабырғасында өткізілетіндігін хабарлаймыз!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қатаң
тыйым салынады:
Ата-аналар тарапынан мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілерге қандай да бір ақшалай, заттай сыйлықтар жасауға;
Мереке күндері және мемлекеттік емтихандар кезінде пән мұғалімдері үшін ақша жинауға және дастархан жаюға;
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тыйым салынады:
Мерекелік демалыстар кезінде сыныппен жиналып қала сыртына, табиғат аясына серуендеуге, тауға саяхаттауға;
Мектеп бітіруші түлектер, оқушылар соңғы қоңырау салтанатты жиынынан кейін қымбат көліктер жалдап, қала сыртына серуендеуге;
Кафе мен коттедж жалдауға;
Тауға және табиғат аясына саяхат жасауға.
Құрметті ата-аналар, осы іс-шараларға, сондай-ақ, қымбат киімдер мен тойханаларға банкет жасап, аниматорлар мен ақылы әртістерді, мерекелік агенттіктерді, студияларды жалдап шығындалудың қажетсіз және тиімсіз екендігін ескертеміз!
Осындай
жағдайлардың куәсі болсаңыз мектеп әкімшілігінің сенім телефондарына немесе маған тікелей мектеп директорына хабарлассаңыздар болады!
Құрметпен: Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N67 негізгі орта білім беретін мектебінің директоры Мырзабаева Ханзура Бекжанқызы.