06
сентябрь
2023
«АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ»
Шымкент қаласы Управления образованияна қарасты № 67 негізгі орта мектебінде жаңа оқу жылының басталуына орай 06.09.2023 ж. күні. жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде
1. 2022-202з оқу жылының жетістіктері.
2.2023-2024 жаңа оқу жылының ерекшеліктері, мақсат және міндеттері.
3.Мектептің ішкі тәртіп ережесі.
4. "Мектепке жол" акциясының есебі.
5.Отбасындағы қарым-қатынастың психологиялық мәселелері.
6.Мектеп ішілік ата аналар комитетін жаңадан сайлау.
7.Әр түрлі мәселелер.
Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру болды.
Мектеп директоры Мырзабаева Ханзура Бекжанқызы жиналысты ашып, 2022-2023 оқу жылындағы мектептің жетістіктер мен жаңа оқу жылында ендірілген өзгерістерді және мектептің алға қойған мақсат, міндеттерімен ата-аналарды таныстырып өтті.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толығымен қамтылып, қарастырылды.
Ата-аналар мектепке қатысты сұрақтарын қойып, көңілдеріне қонымды жауаптарын алып, мектеп әкімшілігі мен ұжымға толағай табыстар тіледі.