17
октябрь
2023
АЙТЫС- ҰЛЫ МҰРА
"Төрт тоқсан- төрт өнер"жобасы аясында. № 67 негізгі орта мектептің "Төрт тоқсан- төрт өнер"жобасы аясында берілген тапсырманы орындау мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Ажимуратованың ұйымдастыруымен 8-сынып оқушысы Полатхан Жанасыл және 6-сынып оқушысы Төребек Бағжан айтыс додасына қатысты. Айтыстың негізгі мақсаты - осы өңіріміздегі кенже қалған, бабаларымыздан мұра болып қалған төл өнерімізді ары қарай дамыту. Ел арасынан шыққан талантты тумаларды ары қарай жоғары биіктерге көтеру негізгі мақсаты.