18
октябрь
2023
"Мектеп Парламенті" сайлауы
Шымкент қаласына қарасты №67 негізгі орта білім беретін мектебінде, оқушылар арасында "Өзін-өзі басқару" ұйымдарын дамыту тұжырымдамасы бойынша "Мектеп Парламенті" сайлауы өткізілді. Мектеп Парламенттігіне үміткерлер анықталып, өздерінің сайлау алды бағдарламаларын ұсынды. Сайлау барысында ең көп дауыс жинаған 9 "A" сынып оқушысы Бекқожа Жанерке "Мектеп Президенті" болып сайланды.