04
ноябрь
2023
«Адал ұрпақ» еріктілер клубы мүшелерінің слеті
Бүгін қалалық білім басқармасы және Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бірлескен іс-шара жоспары аясында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы мүшелерінің слеті өтті. Жиынға қалалық білім беру ұйымдарының басшылары мен 200-ден аса мектеп оқушылары, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері қатысты. Осы орайда №67 негізгі орта білім беретін мектебінен оқушыларымызда қатысты. Жиында ұйым мүшелеріне галстук тағу құрметті қонақтарға берілді.
Мақсаты: Рухани адамгершілік және адамзаттық патриоттық тәрбие беру. Оқушылардың бойына сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру.