25
январь
2024
СЕЙСМИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 25 қаңтар күні «Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар» тақырыбында оқушылар мен қызметкерлер арасында сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқушылар мен қызметкерлер төтенше жағдай туралы дабыл қағылған сәттен бастап оқу ғимаратын тастап шықты. Ғимараттан қауіпсіз алаңға сыныптардың оқушылары және мектеп қызметкерлері мен мұғалімдері сапқа тұрғызылып, сынып жетекшілер тарапынан түгелдеу жұмыстары жүргізілді. Қорытынды ретінде оқу жаттығудың мақсаттары мен іс-шараны жетілдірудің әдістері қатысушыларға хабардар етілді.