08
февраль
2024
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 07 ақпан күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Мырзабаева мен 2 "Ә" сынып жетекшісі А.Жиенбаева
“Бұлақ көрсең, көзін аш.
Шығармашыл тұлғаны тәрбиелейміз.” тақырыбында ата-аналарға арналған тренинг сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
ата-аналардың баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Балалардың дамуындағы шығармашылықтың маңызы туралы ата-аналардың идеяларын кеңейту және тереңдету;
2. Отбасы жағдайында баланың шығармашылық әлеуетін толық дамыту үшін ата-аналардың назарын балалар шығармашылығына аудару.
3. Ата-аналардың отбасында баланың шығармашылық қабілетін ұлттық ойындар негізінде дамыту дағдыларын жетілдіру.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
Ынтымақтастық, ата-ананың міндеті, құрмет, шығармашылық, әлеуметтік интеллект.
Жауапкершілік, шығармашылық, жауаптылық, ашықтық, ынтымақтастыққа дайын болу.
Ұстаздарымыз сабақты жоғарығы деңгейде өткізіп , ата-аналардың ризашылығына бөленді.
https://www.facebook.com/100041259901992/videos/1814549345726453/