09
февраль
2024
“Қауіпсіз жол” жедел профилактикалық іс-шара барысында
“Қауіпсіз жол” жедел профилактикалық іс-шара барысында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында Еңбекші ауданы АПБ ЖПК ЮПБ УПИ полиция капитаны Мухаммеджанова С.А мен АПБ ЖПК ЮПБ УПИ полиция ага лейтенанты Айдарова А. №67 негізгі орта мектебінің оқушылары арасында профилактикалық әңгімелесу өткізді.Әңгіме барысында полиция қызметкерлері балалардың жаяу жүргіншілер мен жолаушыларға арналған Жол қозғалысы ережелерін еске түсіріп, түнгі уақытта киімдеріне шағылыстыратын элементтерді қою қажеттігін айтты. Мектеп оқушылары жаяу жүргіншілер өткелі жоқ көшелерді кесіп өту ережелеріне қатысты сұрақтарды белсенді түрде қойды.Әңгімелесу соңында оқушыларға жадынамалар таратылып, өз кезегінде оқушылар өткізілген әңгіме үшін полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.