10
февраль
2022
"Житс-тің алдын алу және онымен күресу орталығы"
№67 негізгі орта мектебінде кестеге сәйкес Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының "Житс-тің алдын алу және онымен күресу орталығы" маманы Н. Жургенбаева және мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушыларына семинар дәріс өткізілді. Мақсаты: Жастарға АИТВ/ ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, оларды қауіпсіз мінез-құлық дағдысына үйрету және АИТВ- мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Семинар барысында оқушыларға слайдтар көрсетіліп, кітапшалар таратылды.