31
декабрь
2024
Құрметті ата-аналар!
Қысқы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі сіздердің бақылауларыңызда болуы өте маңызды. Балаларыңыздың қысқы демалысты қауіпсіз және пайдалы өткізуі үшін келесі ережелерге назар аударуды сұраймыз:
1. Жол қозғалысы қауіпсіздігі:
Балаларыңызға жолда жүру ережелерін еске салып отырыңыз.
Балаларға жаяу жүргінші жолақтарынан өту қажеттігін түсіндіріңіз.
Қараңғы уақытта немесе кешкі мезгілде баланың киімінде жарық шағылыстырғыш элементтер болғаны дұрыс.
2. Мұз және қар үстіндегі қауіпсіздік:
Балаларды мұз қатқан көлдер мен өзендерде ойнаудан шектеңіз.
Тек арнайы сырғанау алаңдарын таңдауды қадағалаңыз.
Балаларды қардан жасалған қауіпті төбешіктерде сырғанауға жібермеңіз.
3. Өрт қауіпсіздігі:
Балаларға сіріңке, оттық, пайдалануға қатаң тыйым салыңыз.
Шырша мен шамдардың дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
Газ және электр құралдарын пайдалану кезінде балалардың қадағалаусыз қалмауын қамтамасыз етіңіз.
4. Үйдегі қауіпсіздік:
Балаларды үйде жалғыз қалдырмауға тырысыңыз.
Электр және жылыту құралдарын пайдалану ережелерін түсіндіріңіз.
Терезелер мен балкондардың жабық болуын қамтамасыз етіңіз.
5. Табиғаттағы серуендеу:
Баланың киімі ауа райына сай болуы керек.
Баланың қайда, кіммен және қанша уақыт болатынын біліп отырыңыз.
Ұялы телефонның қуаты толы және байланыста болуы маңызды.
Балаларыңыздың денсаулығы мен өмірі – басты құндылық. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, қысқы демалысты қуанышты әрі пайдалы өткізуге жағдай жасайық!