Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына - 92 жыл. » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына - 92 жыл.
06
февраль
2023

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына - 92 жыл.

Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты. 
№67  негізгі орта мектебінің аға тәлімгері М. Мырзабаеваның ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында  "М.Мақатаевтың туғанына 92 жыл" тақырыбында 5-сынып оқушыларымен оқу сағатын өтті. Іс-шара барысында оқушыларға М.Мақатаев туралы деректі фильм көрсетіліп, оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту біздің парызымыз. Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға жалғаса бермек!
#67_мектеп
#Оқуға_құштар_мектеп
https://www.facebook.com/100041259901992/videos/1039777860745710/
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив