29
ноябрь
2023
ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 67 негізгі орта білім беретін мектебінде 29.11.2023 жылы І тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Көлбай І тоқсан қорытындысы, оқушылардың жеткен жетістіктері жөнінде баяндады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Джантурлиева оқушылардың спорттан және үйірмелерден жеткен жетістіктері және "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында баяндама оқыды. Мектеп директоры Х.Б.Мырзабаева 2023 жылда игерілген қаржы, оқушылардың қауіпсіздігі бойынша атқарылған жұмыстар жайлы ата-аналарға есеп берді. Ата-аналар ойларында жүрген сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Жиналыстың соңында ата-аналар пән мұғалімдеріне жолығып, балаларының білім сапаларымен танысты.