19
январь
2024
«Қазақ есебі» челленджі
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектепте Тәрбие құндылықтары бойынша «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы аясында 18-қаңтар күні жоспарға сәйкес оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, логикалық есептерді шығаруға қызығушылығын ояту мақсатында «Қазақ есебі» челленджі ұйымдастырылып өткізілді. Профессор ҚР ҰҒА акдемигі, ғалым- математик Жұмадилдаев Асқар Серікұлының авторлық есептерінен пән мұғалімдері бақылау жұмысын құрастырып, дайындық барысында математика пәні мұғалімдері бақылау жұмысын алды. Барлық сыныптарда Жұмадилдаев Асқар Серікұлының еңбектері жайлы айтылып, бейнебаян көрсетіліп таныстырылды.Оқушылардың ұлттық құндылықтарды қалыптастыру шеңберінде ай сайынғы іс-шаралар уақтылы өткізіліп, өз нәтижесін беруде.