25
январь
2024
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА
«Әлемде балалардың бақыты мен күлкісінен маңызды ештеңе жоқ. Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау – әрқашан біздің мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі» Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Бүгінгі таңда балалардың қауіпсіздігі, олардың денсаулығы мен қорғалуы, әл-ауқаты, білімі мен әлеуметтік жағдайы – басты назарда. Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыретін дамыту мақсатында №67 негізгі орта мектепте "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығы жұмыс жасауда.
Мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру мақсатында ата-аналарға арналған "Адами қарым қатынас ізгіліктері" тақырыбында сабақ өтілді. Сабақты М.Мырзабаева мен М.Слайхан жүргізді.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы оқу жылының соңына дейін ата-аналарға ұлттық құндылықтарға негізделген сабақтарды да өткізеді. Бұл сабақтарда ертегі, аңыз-әңгімелер, батырлар жырларынан үзінділер келтіру, мақал-мәтелдер, халық әндері, дала ділмарларының шешендік сөздері, жыраулар шығармашылығы, салт-дәстүрлер мен ғұрыптардың, ұлттық киімдердің маңызы, ұрпақтар тізбегі (шежіре), ер мен әйелдің қоғамдағы орны, туыстық қатынастардың ерекшеліктері қамтылады.
Сонымен қатар жоба аясында «Даналық мектебі» клубы құрылды. Клуб мектептің нақты сұраныстарына сәйкес «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі» секілді секцияларды ұйымдастыру арқылы ұлтымызға тән туыстық қарым-қатынастарды ұрпақ бойына сіңіруді мақсат етеді.