Ақпарат » Страница 88 » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қазақтың Саттары - Алаштың мақтаны!"
28
октябрь
2021
"Қазақтың Саттары - Алаштың мақтаны!"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектептің  8-сынып оқушысы Рақметжан Лазина - Алаштың ардақты азаматы, қазақтан шыққан тұңғыш фантаст жазушы Саттар Асқарұлы Ерубаевтың туылғанына 107 жыл толуына орай қалалық Саттар оқуларының  "Қазақтың Саттары - Алаштың мақтаны!" атты байқауға қатысып, мадақтамамен марапатталды. Жетекшісі -Үсен Айнұр Текебайқызы. Марапаттарыңыз құтты болсын 
"КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ"
28
октябрь
2021
"КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ"
Шымкент  қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектебінде "КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ" атты республикалық жоба басталды. "Каникулда кітап оқимыз" ұранымен жүргізілетін бұл марафонның нәтижесінде:  •  Мектеп оқушыларының кітап оқуға белсенділігін артады; • Оқушылардың оқырмандық  мәдени тәрбиесі,көркем әдебиетке ,кітапқа деген қызығушылығы дамиды; • Оқушылар электронды кітаптарды оқуды меңгереді; • BookCrossing кітап алмасу қозғалысы дамиды. Марафонға қатысамыз.
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ
26
октябрь
2021
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта білім беру мектебінің МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ  «Өзін –өзі  басқару  ұйымының» президенті және фракция мүшелерімен кезекті отырыс болды.  Парламенттің мақсаты:  Білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты
Құрметті ата-аналар!!!
25
октябрь
2021
Құрметті ата-аналар!!!
Құрметті ата-аналар маңызды мәселелер бойынша мектеп әкімшілігіне хабарласуыңызға болады!!!
"Бақытты ана- бақытты бала-бақытты отбасы-бақытты ел"
22
октябрь
2021
"Бақытты ана- бақытты бала-бақытты отбасы-бақытты ел"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектебінде 22.10.2021жылы "Бақытты ана- бақытты бала-бақытты отбасы-бақытты ел"  тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы Zoom    платформасында болды.  Күн тәртібінде  1.Балалардың  құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекет іске асырып жатқан іс-шаралар туралы;  2.Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу туралы.(баяндамашы) Шымкент  ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ ЮПБ УПИ полиция  капитаны Мөлдір Ташай.  3.Кәмелетке
"Күзгі жәрмеңке"
22
октябрь
2021
"Күзгі жәрмеңке"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектебінде "Күзгі жәрмеңке" Тәрбиенің бір бағыты баланы еңбекке тәрбиелеу болса, нағыз еңбектің нәтижесі баланың бал -бұл жанған жүзі десекте қателеспейміз. Осы күндердің нағыз шырайы мектеп ауласындағы шат -шадыман бала күлкісімен өңі кіретін оқушыларымыздың күзгі жәрмеңкесі болып өтті.
"Бала құқығы -адам құқығы
20
октябрь
2021
"Бала құқығы -адам құқығы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектебінде дүниежүзі балалар күніне орай "Бала құқығы -адам құқығы тақырыбында 7.8.9 сынып оқушылары мен ДТІЖО орынбасары Бейбіт Бекеулов пен дене шынықтыру пәні мұғалімі Арыстанов Нұржан  мен мектептің ішкі тәртіп министірі 9 сынып оқушысы Досмамбетов Диастың қатысуымен оқушылар арасында түсіндірме жиналысын өткізді.  
«Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы»
20
октябрь
2021
«Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы»
Қазақ халқы бала тәрбиесіне бей-жай қарамаған. «Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы» деп бала тәрбиесіне аса зор жауапкершілік жүктеген. Ол туралы ел ішінде айтылатын қанатты сөздер мен тәсілдерден көруге болады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»,-дейді. Яғни, бала тәрбиесі отбасы, ошақ қасынан басталады. Отбасында алған тәрбиесі баланың адам болып қалыптасуына тікелей әсер етеді.
"Діни экстремизмнің алдын алу жəне сергектік"
19
октябрь
2021
"Діни экстремизмнің алдын алу жəне сергектік"
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N67 негізгі орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 19 қазан күні  "Шымкент қаласының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі және "Күрең тұлпар" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Діни экстремизмнің алдын алу жəне сергектік"  тақырыбында дінтанушы, теолог маман Ұлықбек Алиакбарұлының  қатысуымен мектеп оқушыларымен кездесу  өткізілді.   
Болашақ – жастардың қолында
19
октябрь
2021
Болашақ – жастардың қолында
Болашақ – жастардың қолында. Жастарымызды имандылыққа, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы ұстанып келген асыл дініміз исламға баулысақ, түрлі жат ағымдардың жетегінде кетпейтін болады. Сонымен қатар иманды жас Отанын, елін, жерін сү­йетін, салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін берік ұстайтын болады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Отанды сүю – иманнан» деген. Мәңгілік елдің тірегі – құндылықтарында. Сол құндылықтардың бірі – дәстүрлі дініміз. Оқушыларымыз білімді болсын