МЕКТЕБІМІЗДЕ ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Приемная
+7(723) 43-13-32
Бухгалтерия
+7(723) 43-13-32
Версия для
слабовидящих
» » МЕКТЕБІМІЗДЕ ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
13
сентябрь
2024

МЕКТЕБІМІЗДЕ ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

 Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты 67 негізгі орта білім беретін мектебінде 2024 жылғы 13 қыркүйек күні   жалпы ата-аналар жиналысы жаңаша форматта өткізілді.
     Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. 2023-2024 оқу жылының қорытындысы мен жетістіктері.Жаңа оқу жылының міндеттері  
2. «Біртұтас тәрбие»  бағдарламасының жаңартылған мазмұнымен ата-аналарды таныстыру
3. Ата-аналарды мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру 
4. Балалардың қауіпсіздігін сақтау 
5. Оқушылардың сабақтан бос уақытын тиімді ұйымдастыру 
6. Мектепке жол акциясының қортындысы. Жаңа оқу жылындағы оқушылардың Ыстық тамақ пен қамтылуы.
7. Ата-аналар комитетінің жаңа құрамын сайлау
       Аталған мәселелер бойынша көшбасшымыз Х.Б.Мырзабаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Көлбай,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Мырзабаева, педагог-психолог Р.Сагиндикова, аға тәлімгер Ж.Кескенбай түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, баяндама жасады.
     Бала тәрбиесінің маңыздылығын, мейірімділік отбасынан басталатындығын ұғындыру, өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беру, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты күшейту мақсатында бүгінгі  ата-аналар жиналысы ерекше форматта өткізілді,  алдағы уақытта да  ата-аналар мен мектеп ұжымы арасындағы байланысты күшейту мақсатында ілкімді істер атқарыла  бермек.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив