29
октябрь
2024
БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫ ҚАУІПТІ ОЙЫННАН САҚТАҢЫЗДАР!!!
Қазір қоғамда балалардың өміріне қауіп төндіретін ойындар таралуда. Бұл ойындар ата-аналарға көріне бермейді, алайда балалар телефон арқылы осы ойынның құрбанына айналып жатыр.
Бұл ойындар мобильді қосымшаларда жасырылған шағын ойындар болуы мүмкін. Бұлардың ең қауіптісі:
"Тихий дом"
"Разбуди меня в 4:20"
"Море китов"
"Синий кит"
"Красный дельфин "
"Млечный путь"
"U19"
"F57"
" SchoolBoy RunaWay -Stealth".
1.Кузбас Schoolboy Runaway
2.Мясник
3.Монахиня 1,2,3
4.Red dolphin
5.5 ночей с Тимохой
6.Синий кит
7.Как призвать шута
8.The baby in yellow
9.Miss tea
10.Eyes
11.Schoolboy Runaway 1,2,3
12.Метель
13.Привет Сосед
14.Knock Game
15.Popy Playtime
16.House 314
17.Clown
18.Life Gallery
19.Frentik
20.Мороженщик 1,2,3
21.Дом страха
22.Франц
23.Бабка Гренни
24.Backrooms
25.Exit number 8
26.Horror 2
27.Это не мой сосед
Сондықтан балаларыңыздың телефонын тексеріп, қауіпті ойынның жоғына көз жеткізулеріңізді сұраймыз!
Бұл ойындардың жарнамасы
Telegram және TikTok әлеуметтік желілерінен көрінуі мүмкін және "Бізбен ойна!” деген шақыртулар жасауы мүмкін
Құрметті ата - ана!
Төмендегі кеңеске құлақ асыңыз:
Балаңыз ойнайтын ойынды үнемі тексеріңіз. Ойынның баланың жасына сай келетінін анықтау үшін рейнтингін қарап, шолу жасаңыз;
Ереже орнатыңыз. Балаңызбен қандай ойындарға рұқсат етілетінін, қайсысын ойнауға болмайтынын талқылаңыз. Ойындарға шектен тыс қызығушылығы артпас үшін уақытпен шектеу қойыңыз;
Сыни ойлауын дамытыңыз. Баланы ойын мазмұнын талдауға үйреткен жөн. Ойындарда көрсетілгеннің бәрі шынайы өмірде бола бермейтінін және қауіпсіз емес екенін түсіндіріңіз;
Бірге ойнаңыз. Балаңызға уақыт бөліп, бірге ойнаңыз. Бұл олардың қандай ойын ойнайтынын жақсы түсінуге және қауіптің алдын алуға көмектеседі;
Мінез-құлқына мән беріңіз. Балаңыздың мінез-құлқында қандай өзгерістер барын бақылаңыз. Егер ойыннан соң ол ашушаң әрі тұйық бола бастаса, ойнап жүрген ойындарын ауыстырыңыз;
Ата-ана бақылауын қолданыңыз. Қажетсіз әрі орынсыз ойындар мен контентке телефондағы ата-ана бақылауын орнатыңыз;
Басқа балалардың ата-анасымен талқылаңыз. Өзге ата-аналармен талқылап, тәжірибеңізді бөлісіңіз. Олар қандай ойындарды қауіпсіз деп санайды, соны біліңіз.