12
январь
2023
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
№67 негізгі орта білім беретін мектебінде қамқоршылық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде мектеп директоры Х.Б.Мырзабаева қамқоршылық кеңес мүшелері алдында І жартыжылдық есебі тыңдалды. Мектеп директоры өз есебінде оқу-тәрбие жұмыстары, мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің жетістіктері, мектептегі бөлінген қаржының мақсатты игерілуі, әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан білім алушыларға көрсетілген көмектер, мектептің материалдық жабдықталуына байланысты биылғы толықтырулар жайында айтылды.
Мектеп әкімшілігі мектеп жұмысын дамытуда дұрыс болжам жасап, ұжымды ортақ мүддеге тоғыстыра білу нәтижесінде, ұстаздардың алдында үлкен міндеттер тұрғанын жауапкершілікпен сезініп, оқу – тәрбие процесінде қазіргі талапқа сай жоғары нәтижеге жету жолында ізденіс пен еңбек етіп жатқандығын айтты.
Кеңес мүшелері мен ата-ана комитеті мүшелері мектеп директоры Ханзура Бекжанқызының есебіне «жақсы» деген оң шешімді қөзқарастарын білдірді.