21
сентябрь
2023
Құрметті ата-аналар қауымы!!!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N67 негізгі орта білім беретін мектебінде ақша жинаудың кез-келген әрекетіне тыйым салынатынын ескертеміз!
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын басшылыққа алып, кез-келген мерекелік іс-шараларда мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге бағалы сыйлықтар мен мектептің жөндеу жұмыстарына және тағы басқа мақсатта ата-аналардан және ата-аналар комитеті атынан ақша жинауға қатаң тыйым салынатынын ескертеміз!
Сіздерден үлкен өтінішпен, осы заңда көрсетілген қағидаларды бұзбауға, заң талаптарын сақтауға шақырамыз! Заң бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, заңмен қудаланатынын, қызметтік міндеттерінен айыру, айыппұл төлеу жазалары бар екенін ескертеміз!
Егер осындай жағдайларға байланысты мәселелер туындап жатса 8 7016102103 байланыс номеріне хабарласуларыңызды сұраймыз!
Мектеп директоры Мырзабаева Ханзура Бекжанқызы