25
декабрь
2023
ЖИТС дертінің алдын алу
Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖИТС дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын, одан сақтану, қорғана білу туралы түсіндіру, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында №67 негізгі орта мектебінің психологы Сагиндикова Райхан 7-9 сыныптар арасында "ЖИТС-ХХІ ғасыр індеті" тақырыбында сынып сағатын өтті. Ісшара барысында оқушыларға құнды ақпарат берілді. Соңында кері байланыс ретінде оқушылардан сауалнамалар алынып,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.