Бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылықтар » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылықтар
26
апрель
2024

Бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты XXXIII сессиясында сөйлеген сөзінде тасқын сумен күресуге зор үлес қосқан отаншыл азаматтарға ризашылығын білдірді.
«Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан аумағының жартысын тасқын су басып қалды. Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді. 
Құтқарушылар, волонтерлер, мемлекеттік қызметшілер, сарбаздар, тәртіп сақшылары, қоғам белсенділері, бизнес өкілдері және жастар – бәрі бірге жүр. Ортақ істен ешкім шет қалған жоқ.
Бүкіл аймақта қоғамның барлық өкілдері бір кісідей жұмылды. Отандастарымыз зардап шеккен жандарға жаппай қол ұшын созды. Бір-біріне шынайы жанашыр болды. 
Мен қарғын сумен күресуге зор үлес қосқан нағыз отаншыл азаматтарға шексіз ризамын», - деді Қ.Тоқаев.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив