ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ
29
апрель
2024

ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ

Құрметті « №67  негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік парақшасының оқырмандары мен ата-аналарына биылғы 2023-2024 оқу жылының аяқталуы "Еліміздің бірқатар өңірлерін су тасқыны орын алған жағдайға және 25 мамырдың демалыс күніне  сәйкес келуіне байланысты" 24 мамырда Қазақстанның барлық мектебінде дәстүрлі салтанатты жиынның орнына бірыңғай сынып сағаты өтетіндігін хабарлайды. 
💬 Ал мектеп бітірушілерге мектеп бітіруін салтанатты түрде тойлауға тыйым салынады. Биылғы оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайды, оқу 25 мамырда аяқталады.
📌Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
🛑9 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады
📆 9 сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Үздік аттестат» марапаттау 9-15 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихандар аяқталғаннан кейін өтеді.
📎 Бірқатар өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты, еліміздегі орын алған барлық табиғи апаттан зардап шеккен отбасылар мен мектеп бітірушілердің жай күйі баршамызға белгілі болғандықтан, түсіністікпен қарауларыңызды сұранамыз.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив