30
апрель
2024
КӘМЕЛЕТ ЖАСҚА ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚЫЛМЫC
«КӘМЕЛЕТ ЖАСҚА ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №67негізгі орта білім беретін мектебінде Шымкент қаласы Полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары полиция полковнигі Шораев Ануарбек ,Шымкент қаласы полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасы Ювенальды полиция бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Жуманов Ерлан жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың , зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында 7-9 сынып оқушыларымен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, буллинг, кибербуллинг, жол ережесін сақтау, өзара қарым-қатынас, мектеп формасы, электронды темекінің (вейп) ағзаға зияны, синтетикалық есірткінің таралуы, сабақ уақытында телефон (смартфон) қолданбау, ойынханаларға бармау, қауіпсіздік ережелерін сақтау, түнгі уақытта жүруге тыйым салынатындығы, ақша жинамау, әлімжеттік, бопсалау мәселелері туралы айтылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың ішінен белсенділік танытып, тақырыпқа байланысты ой-пікірлерін білдіріп отырды.