«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ: ҚАРАТАУДА ҚАРТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ: ҚАРАТАУДА ҚАРТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
02
май
2024

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ: ҚАРАТАУДА ҚАРТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

   Шымкентте “Таза Қазақстан” экоакциясының аясында  “Өнегелі ұрпақ” апталығы жалғасуда. Бүгін қала аудандарының  аумағындағы жалғыз ілікті қарттардың үйіндегі сенбілік жұмыстары жүргізілді. 
      Соның бірі Қаратау ауданын да апталық барысында тазалық жұмыстары жүргізіліп, аудандағы қарттардың үй маңына тазалық жұмыстары жүргізілді Ауданның . Сайрам шағын ауданындағы Әл-Фараби көшесі, Нұрсат шағын ауданындағы 25-29 үйлердің аулаларының азалық жұмыстарына 120 адамдай қатысты.
Сондай-ақ, ауданда тұратын егде жастағы зейнеткерлердің үйлерінің маңайын тазалауға жастар көмекке келді.   
Атап айтсақ, Қайтпас шағын ауданындғы Ақберен көшесі, 65 үйдің тұратын Майра Шанкөзова мен Тассай тұрғын алабының Сымтас 236 а мекенжайында тұратын Дүйсехан Мырышовтың аулалары тазаланды.Тазалық жұмыстарына ауданның жастары келіп,  қоқыстарды шығарып,  ағаштардың түптерін әктеді. Қысқы отынға ағаштар жарып, дайындады. Қаулап өскен шөптерді орып, үй маңайын ретке келтіріп берді. Қарттар да жастарға алғыстарын жеткізіп, рақметтерін айтты.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив