АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА !!! » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА !!!
15
май
2024

АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА !!!

«№67 негізгі орта мектеп Шымкент қаласы білім басқармасының   10.05.2024 ж күнгі №197-Н/Қ  хатына сәйкес,  мамыр айының мереке күндерінде барлық сыныптар бойынша жат әдеттерден аулақ болу, балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу , сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қатаң тыйым салынады: 
- Мерекелік отырыс жасауға, қала сыртындағы демалыс орындарына, табиғат аясына саяхат жасауға; 
- Түрлі себептермен кез-келген мерекелік іс-шараларға мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге сыйлық алуға;
- ”Бітіру кештеріне”;
- ”Бастауыш сыныппен қоштасу”;
- ”Мектептің жөндеу жұмыстарына”;
- ”Кабинеттерді безендіруге”;
- ”Соңғы қоңырау “ Іс- шарасы мен тағы да басқа мақсатта ата-аналардан және ата-аналар комитетінен және бітіруші 4,9 - сыныптардан ақша жинаудың кез - келген түріне заттай және ақшалай жинауға қатаң түрде тыйым салынады! 
     Сонымен қатар “Соңғы қоңырау” күні қымбат көліктермен қаланы серуендеуге, мейрамханаларды жалдауға, табиғат аясына , тарихи орындарға саяхатқа шығуға қатаң тыйым салынады. 
     Ата –аналар, шәкірттеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі өте маңызды! Сіздердің кез-келген сұрақтарыңыз бойынша жауап беруге әр кезде дайынмын. Құрметпен, №67 негізгі  орта мектеп директоры  Х.Б.Мырзабаева

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив