13
сентябрь
2024
"Тілім-тұмарым" тақырыбында тәрбие сағаты
№67 негізгі орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Каирбекова Әлия Ниязбековна "Тілім менің-мақтанышым! " тақырыбында өткізілетін айлық жоспарының негізінде 5"А" сыныбында "Тілім-тұмарым" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз ана тілінің қадір-қасиетін, өз ана тілінің көркемділігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.