28
август
2024
Директор жанындағы кеңес
27.08.2024 ж.Бастауыш сынып,Жаратылыстану,Эстетика,Гуманитарлық бірлестігі мүшелерімен бірге директор жанындағы кеңес өткізілді.
Директор жанындағы кеңесте 2024-2025 оқу жылында атқарылатын жұмыстар талқыланды:
1) 2023-2024 оқу жылындағы үлгерім мониторингі бойынша талдау жұмысы жүргізілді.Мектеп басшысының тапсырмасы бойынша бірлестік мүшелері сыныптың сапа көрсеткіштері бойынша атқарылатын жұмыс жоспарларын әріптестермен бөлісті.
2) Соңғы 3 жылдың сапа көрсеткіштері мен жетістіктер,кемшіліктерге саралау жұмыстары жүргізілді.Салыстырмалы түрде жасалынған мониторинг бойынша пән бірлестігі мүшелерінің анықтамалары мен алдағы уақытта кемшілікті жою жолдарына басшылық тарапынан бағыт-бағдар берілді.
3) Жаңа 2024-2025 оқу жылында инклюзивті оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу,сыныпта жеңілдетілген тапсырмалармен жұмыс жүргізе отырып, сапа көрсеткішін көтеру бағытында жұмыстар атқару жоспарланды.Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің дамуы түрлі байқауларға қатысу,ғылыми жобаға балаларды дайындап ,одан нәтижеге жету,сонымен бірге “Үздік педагог” мәртебесіне жетуді әр ұстаз өзіне мақсат ете білу қажеттігін мектеп директоры Х.Б.Мырзабаева ханым ұстаздардың жаңа оқу жылындағы перспективалық жоспарларына енгізуді ұсынды.