23
август
2024
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы
Бүгін, мектебімізде
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі" тақырыбында мектепішілік сынып жетекшілерге арналған семинар өтті.
Семинарда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А.Мырзабаева сынып жетекшілерге 2024-2025 оқу жылы арналған тәрбие жұмысының "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының алгоритмімен таныстырды.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ:
Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.