БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
26
сентябрь
2024

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қыркүйек - еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы.
Аптаның дәйексөзі: Жанұям - қорғаным, ата-анам - тірегім!
Қалалық білім басқармасына қарасты  №67 негізгі орта білім беретін мекптің 6-9 сынып оқушыларына   Шымкент ҚПБ Еңбекші АПБ КБ бастығы полиция майоры Усенбаев Багдат Аскарович.Орынмен оқу семинары ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында есірткі қылмысын еліміздегі өзекті мәселелердің бірі ретінде атап өтіп, әсіресе оның жастар арасында белең алуына қарсы күрес жүргізуді күшейтуді тапсырды. Жасөспірімдердің жат әдеттерден бойын аулақ ұстап, теріс жолға түспеуі үшін ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілуде. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік пен ескірткі қолданудың жастардың денсаулығына тигізер зияны кеңінен талқыланды.
Атап айтқанда, нашақорлыққа, темекіге және құмар ойындарға тәуелділіктің зардабы кеңінен түсіндіріліп, елімізде синтетикалық ескірткіні өндіру, сақтау және таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығы жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар нашақорлықтан келетін қауіп-қатерлер, адам ағзасы мен психикасына келтіретін зияны, зиянды әдеттерге еліктеудің соңы жақсылыққа апармайтындығы айтылып, салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты сақтау және нығайту, спортпен шұғылданудың пайдасы жөнінде айтылды. 
Қоғам алдындағы тұрған басты міндеттің бірі-балалар мен жасөспірімдерді шылым   шегу,  маскүнемдік,  нашақорлықтан қорғау, яғни жат әдеттерге қарсы төзбеушілікті қалыптастыру. Оның қасіретін өскелең ұрпақ жақсы білуі үшін  әрбір ата-ана отбасында балаларына  жат әдеттердің зардабы туралы айтып отырса, себебі бала тәрбиенің 60 пайызын  отбасынан, қалғанын сыртқы ортадан алатындығын ұмытпайық.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив