16
октябрь
2024
ПРОКУРОР САҒАТЫ
№67 негізгі орта білім беретін мектебінде «Бала құқығы – басты құндылық» тақырыбындағы айлық іс-шаралар жоспары шеңберінде құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу мақсатында Прокурор сағаты өткізілді.
Аталған кездесуге Шымкент қаласы Еңбекші аудандық прокуратурасының аға прокуроры
Әбдібай Дәулет Зиядинханұлы мектеп директоры Х.Б.Мырзабаева мектеп инспекторы А.Атамбаева қатысты.
Оқушыларға құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылық, есірткіге тәуелділік мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдары түсіндіріліп, құқық бұзушылық пен қылмыс тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті.
Кездесу барысында білім алушыларға есірткінің зияны мен зардаптары туралы арнайы бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.