22
октябрь
2024
Жас Ұлан» және “Жас Қыран” балалар мен жасөспірімдер ұйымы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№67 негізгі орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2024 жылдың 22 қазан күні «25 қазан –Республика күні» мерекесіне орай «Жас Ұлан» және “Жас Қыран” балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау іс-шарасы ұйымдастырылды. «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына 5, 2а,2ә-сынып оқушылары қабылданды.
“Жас Ұлан” Ұланбасшысы 9”Ә”сынып оқушысы Каракул Азамат және “Адал Ұрпақ” ерікті мектеп клубы Президенті 9”А” сынып оқушысы Базарбайқызы Жансая ант қабылдады.
Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушылардың қоғамдық, танымдық және шығармашылық белсенділігін көтеру.