14
ноябрь
2024
КҮЗГІ КӨРМЕ
№67негізгі орта мектебінде бастауыш сыныптар арасында
КҮЗГІ КӨРМЕ өтті. Мектеп директоры Мырзабаева Ханзура Бекжанқызы көрмені бақылап, бағалаушыларымен бірге әр баланың жасаған жұмысымен таныстыруына, баланың сөйлеуіне, ойын ашық жеткізуіне ықпал жасап барша жұмыстарды көріп шықты.
Біртұтас тәрбие
Күзгі көрменің негізгі мақсаты:
Ата-ана мен баланың қарым-қатынасын жақындату, біріктіру.
Ата-ананың көмегімен баланың қиялын дамыту, қиялын іске асыра отырып баланың қолынан іс келетініне сендіру.
Бала ата-анамен жасаған дүниесін таныстырып, ойын толық жеткізе алуы баланың сөзді жүйелеуіне көмектеседі.
Балалар өз ойларын жеткізе отырып жүйелі сөйлеуге, ойын толық жеткізуге, қоғамда бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас орнатуға дағдылануы үлкен өмірге басар қадамының алғашқы баспалдағы.
Күзгі көрме өте керемет өтті. Түрлі қиялында шек жоқ ата-аналардың дүниелері көрінді. Өте тамаша әсер туғызды.
Ата-анасымен бірігіп істеген балалар қалай жасағанын таныстыра алды.
Балам деп бар өнерін салған барша ата-аналарға алғыс.