«КІТАПТАР ӘЛЕМІ» ТАНЫМДЫҚ САҒАТЫ » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «КІТАПТАР ӘЛЕМІ» ТАНЫМДЫҚ САҒАТЫ
16
ноябрь
2023

«КІТАПТАР ӘЛЕМІ» ТАНЫМДЫҚ САҒАТЫ

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты 67 негізгі  орта білім беретін мектеп кітапханасы «Оқуға құштар мектеп» жобасы «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында оқырман назарына 
📙«Кітаптар әлемі»  тақырыбында жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында  әдебиеттер көрмесін ұйымдастырып, жаңа кітаптармен  таныстыру сағатын өткізді.  
   Жаңа кітаптар көрмесіне тарихи және көркем әдеби кітаптар, балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітапшалар, балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең- тақпақтар, ертегілер, әңгімелер, балалардың тілін дамытатын жұмбақ-жаңылтпаштар мен танымдық әдебиеттер қойылды.
 📙Мектеп кітапхана қоры «Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында көркем әдебиетпен толықтырылып жатыр.               Қазақ тіліндегі аудармалар барлық оқырмандардың қызығушылығын арттырып отыр. Мектеп жасындағы балалардың оқуына арналған кітаптар:  Дж.Макдональд «Қауырсын ханшайым», М.Твен «Қауырсын мен ханшайым», А.Чехов «Ваня ағай», Д.Мукержид «Хәри мен Кәри» Р.Сандерсон «Сиқырланған орман», Ө.Өзюрт «Ақылды балақайлар» т.б., мұғалімдердің оқуына ұсынылатын кітаптар: Ә.Тарази «Мұстафа Шокай, Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры», А.Йүгінеки «Ақиқат сый», Б.Момышұлы «Адам қайраты», Э.Ремарк «Салтанат қақпасы» тағы да басқа көркем әдебиеттер таныстырылды. 
📗Кітап-адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді, дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей, ғасырлар бойына сақталады.
 📒«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адамдар үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз.
Мұғалімдер, оқушылар жаңадан келіп түскен кітаптармен танысып, үйлеріне оқуға жаздырып алып жатыр. 
Кітап оқып рухани бай болайық!

https://www.facebook.com/100041259901992/videos/361771209601639/

Похожие публикации:

01 февраль 2022 "Кітап оқиық"
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив