18
ноябрь
2023
ҚЫЗДАР КЕҢЕСІНІҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
№67 негізгі орта мектебінде 2023 жылдың 16 қараша күні ДТЖО А.Джантурлиеваның ұйымдастыруымен мектептегі қыздар ұйымының жиналысы өткізілді. Бүгінгі қозғалған тақырып:"Қызға қырық үйден тыю".
Кыздар ұйымының жетекшісі, педагог-психологтары мектеп ережесі, мектеп формасы, қызбала тәрбиесі тақырыбында баяндама жасап, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы, өзін-өзі реттеуі, қыздардың жүріс-тұрысы, денсаулығы туралы түсіндіріп өтті.
Қазіргі таңда өршіп тұрған түрлі вирустардан сақтану жолдарын туралы айтып, оқушыларды жылы киініп, дұрыс тамақтанып жүруге шақырды.
Жиналыс барысында ДТЖО А.Джантурлиева бүгінгі танда жасөспірімдер арасында орын алып жатқан келеңсіз оқиғалар, әлімжеттік пен бұзақылық, ерте жүктілік, зорлық-зомбылықтың көбейіп жатқандығын айта келіп, түнгі мезгілде көшеде жүрмеу, мектептің ішкі тәртіп ережесін катаң сақтау, мектеп формасын сақтау, бала еңбегін канаудың алдын алу мәселесі бойынша айтып өтті.