ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
февраль
2024

ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі  орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың   21 ақпан күні 6-9 сынып қыздары арасында қыздар жиналысы өтті. 
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту
Күн тәртібінде 
1. Қызға қырық үйден тыйым тақырыбында түсіндіру,сұхбат
2.«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» 
3.  Кәмілетке толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу.                                                                     4. Жеке гигиена.                                                                                                                                             
 5. Әртүрлі мәселелер (форма, сабаққа кешікпеу, тазалық,  сабақтан қалмау, әдеп сақтау және т.б)
Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Мырзабаева мектептің ішкі тәртіп ережесін еске түсіріп өтті, жол ережесімен таныстырды, түнгі 22:00 ден кейін көшеде жүрмеу керектігін түсіндіріп өтті. Мектеп психологы Р.Сагиндикова қазіргі кезде  қыздар арасында әлімжеттік пен құқықбұзушылық болмау керектігін айтып түсіндірді және  балалардың жеке басының гигиеналық тазалығы, достар мен құрбылармен күнделікті қарым-қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидалары туралы айтылды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив