14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі
14
март
2024

14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі

Бұл күні жасы үлкендерге арнайы сәлем беріп, құрмет көрсету, қонақ күту, мейраммен құттықтап, ізгі тілек жаудыру салты қалыптасқан. Амал мерекесінің мәні Наурызбен біте қайнасқан, себебі ол – Наурыздың алғашқы хабаршысы. 
Бұл күн – Табиғат-Ананың, Жер-Ананың, жалпы тіршілік атаулының көктемгі жаңаруы мен оянуының бейнесі. Қазақстан халқы үшін Амал дәстүрі отбасыдағы жылылық пен татулықпен тығыз байланысты. Жасы кішілер үлкендердің үйіне арнайы барып, сәлем береді, Жаңа жылда ақсақалдардан бата сұрайды. Бұл дәстүр қазақстандық менталитеттің ажырамас бір бөлігі, туыс-туған, дос-жаран, көрші-қолаңның көптен күткен кездесуін білдіреді. Бұл күні адамдар бір-біріне кешіріммен қарап, ескі өкпе-реніштерден арылуы қажет деп саналады.
     14наурыз күні №67 негізгі орта мектебінің ұстаздары бір- бірімен төс қағыстырып Көрісу дәстүрімен Наурыз мерекесін бастап кетті.
https://www.facebook.com/100041259901992/videos/390841543658519/


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив