11
апрель
2024
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық акциясы.
Түркістан облысы Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты «С.Рахимов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сондай-ақ ауыл көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.