Бүгін мектебімізде 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізіліп, қазыналы қарттарымызға құрмет көрсетілді.

Халқымызда «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген тағылымды сөз бар. Біз әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Әркез алдыңғы буын аға-апаларымыздың ел дамуы жолындағы ерен ерлігі мен қажырлы еңбегін үлгі тұтамыз.

Іс-шарада мектеп оқушылары және “Өзін-өзі басқару” ұйымы әсем әндер, әдеби монтождар орындап көрермен көзайымына айналды.

Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын!