
Шымкент қаласы білім бөліміне қарасты N67 негізгі білім беретін мектебінде 2024 жылдың 22 қазан күні оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жаңа Президентін және фракция мүшелерін ұлықтау рәсімі өтті.

Жаңадан сайланған мектеп президенті 9”А” сынып оқушысы Намазбаева Томирис ұлықтау рәсімінде мектеп өмірінің дамуына ықпал етуге және мектеп қоғамдастығына адал қызмет етуге ант берді.

Мектептің аға тәлімгері Ж.Б.Кескенбай жаңа көшбасшыға және фракция мүшелеріне алдағы қызметітерінде толағай табыс тілеп, өз сенімін білдірді.

Мектеп көшбасшысы болу — тек құрметті атақ қана емес, сонымен қатар оқушыларды шабыттандырып, біріктіруге және мектеп өміріне нақты өзгерістер енгізуге берілген бірегей мүмкіндік.

Оқу процесіне ықпал ету, жаңа бастамаларды ілгерілету және мектеп қауымдастығының мүддесін қорғау — бұл мектеп тарихында өз ізін қалдырып, оны барлық оқушылар үшін жақсарту мүмкіндігі.
