15
январь
2025
ҚАҢТАР "ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП АЙЫ” аясында ұлдар жиналысы
Жиналыс барысында ер балалар арасында зиянды әрекеттердің алдын алу, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін- өзі жетілдіруге құштарлық, отбасындағы қоғамдағы ер баланың жауапкершілігі, ер баланың рөлі, қасиеттері туралы ой қозғап, ер балалардың тәртібі, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, топтық төбелес, әлімжеттік күш көрсетпеу жайлы айтып өтті.
Сонымен қатар, кәмелетке толмаған білім алушылардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрмеуге, пиротехникалық бұйымдарды қолданбауға мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтауға, суық қару пайдаланбауға, буллинг, кибербуллингке жол бермеу туралы ой-пікірлерімен бөлісті және ұдайы балалардың жеке қауіпсіздігі басты назарда екендігі туралы түсіндіріп өтті.