21
январь
2025
ҚЫСТА-КІТАП ОҚИМЫЗ, ЖАДЫМЫЗДА ТОҚИМЫЗ
"№67 негізгі орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп кітапханашысы А.Кенжебекова мен сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен оқушылардың қысқы уақытта отбасымен тиімді өткізуі, дүниетанымын кеңейту, кітапқа деген құрмет,сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында "Қыста кітап оқимыз, жадымызда тоқимыз" тақырыбында оқырмандармен үй жағдайында отбасымен бірге кітап оқуды ұйымдастырды. Оқушылар өздері оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісе отырып, басқаларды да кітап оқуға шақырды.
