21
январь
2025
«БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫМЫЗ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚУШЫЛАРДАН САУАЛНАМА АЛЫНДЫ
Шымкент қаласы білім басқармасы «Психологиялық қолдау орталығының» жоспарына сәйкес, білім алушылар арасында буллингті болдырмау және алдын алу мақсатында, білім басқармасына қарасты «№67 негізгі орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 14-20 қаңтар аралығында мектептің педагог-психологыР.Сагиндикова мен әлеуметтік педагогы Ә.Сламбек 6-9 сынып оқушылары аралығында «Буллингке қарсымыз! » тақырыбында анонимді сауалнама алынды. Мақсаты: буллингке оқушылардың көзқарасы, оқушылар арасында буллингке жол бермеу. Сауалнама алдында мектеп психологы буллинг тақырыбына толығырақ тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар буллинг және оның салдарымен толық танысып, сауалнамаға жауап берді.