07
февраль
2025
АҚПАРАТТЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектебінде «Қаржылық сауаттылық, лудомания, құмар ойындарға қарсы» ақпараттық сағаты өткізілді.
Мектеп психологы Р.Сагиндикова оқушыларға лудомания (Ойынға тәуелділік)— бұл құмар ойындарға тәуелділік, ол адамды ойынды бақылаусыз ойнауға мәжбүр ететіндігін ескертіп, психологиялық және қаржылық мәселелерге алып келуі мүмкіндігін жеткізді.
Лудоманияның белгілері: Оқушыларға ойынға деген тәуелділіктің белгілерін түсіндіру қажет. Мысалы, ойынға көп уақыт жұмсау, ақша жоғалту, осыған байланысты отбасы мен достармен қарым-қатынас мәселелері, сондай-ақ оқу мен жұмыстағы кедергілер.
Құмар ойынның қаупі: Оқушыларға құмар ойындардың зиянды екенін, әсіресе жастар үшін қаржылық қиындықтар мен психологиялық зардаптарға әкелетінін түсіндіріп өтті.
Оқушыларға лудоманиядан сақтану үшін ойынға жауапкершілікпен қарау, қажеттіліктер мен қиялдар арасында айырмашылық жасау, қажет болса, көмек сұрау туралы ақпаратын ұсынып, арнайы бейнеролик көрсетіп талқыланды.
Қорытынды бөлімінде іс-шараға қатысқан білім алушылар құнды керек ақпарат алғандарын жеткізіп, пікір-талас болып өрбіп; кері байланыс орнатылды.