10
февраль
2025
Мұқағали Мақатаев – 94 жыл
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №67 негізгі орта мектептің 8- сынып оқушыларымен
Қазақтың ақиық ақыны, мұзбалақ жырдың иесі-Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толуына орай,қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Ажимуратова Мадинаның жетекшілігімен дөңгелек үстел өткізілді.
⠀Пән мұғалімі ақынның шығармаларында туған жердің тұнықтығын, қазақ тілінің құдіретін, махаббат пен сағынышты ерекше таныстырып,суреттеді. “Ақынның жырлары әлі күнге дейін әрбір жүректен орын алып, рухани азық болып келеді “-деп жеткізді.Оқушыларға ақынның “Аққулар ұйықтағанда”поэмасы туралы баяндап,оқушылар түсінгенін айтып берді.
⠀ Артында өшпес мұра қалдырған ұлы ақынның шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мәңгілік жасай бермек.
#Шымкент қаласының_әдістемелік_орталық https://www.facebook.com/100041259901992/videos/609685315151834/