ЖЫЛУЛЫҚҚА МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҢЫЗ! » «N67 негiзгi орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 43-13-32
Есепші бөлімі:
+7(723) 43-13-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ЖЫЛУЛЫҚҚА МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҢЫЗ!
18
февраль
2025

ЖЫЛУЛЫҚҚА МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҢЫЗ!

“ Біртұтас тәрбие”бағдарламасы”. Өзін- өзі” басқару кеңесінің жылдық жоспарына сәйкес “ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ !» тақырыбында қайырмыдылық акциясын « №67 негізгі орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп парламенті “Өзін- өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен , сондай-ақ, мектеп оқушылары мен ұстаздардың өтініші негізінде, қайырмыдылық акциясы 2025 жылдың 18 ақпан күні Шымкент қаласы, Сайрам ауданы, "№1 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы" комммуналдық мемлекеттік мекемесіне қайрымдылық іс-шарамен барып қайтты. Акцияның мақсаты: қатыгездікке жол бермеу, жастардың бойына ізгілік ұялату, мейрімділікке қамкөңіл жандарға қамқорлық жасау, бауырмалдыққа тәрбиелеу, сонымен қатар, тағдыр тәлкегіне ұшырап, жетім атанып, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға жылулық сезімін сыйлау. Іс-шара барысында қызықты ойынның түрлері ,сонымен қатар іс-шара барысында аталмыш балалар үйінде 18 тәрбиеленуші балаларға түрлі тәтті тоқаштар мен сыйлықтар тарту етілді. Балалар үйінің тәрбиеленушілері бізді құр алақан қалдырмай өз өнерлерін паш етті. Тәрбиеленуші қыздарымыздың өнеріне тәнті болған оқушыларымыз, ду-қол шапалақтап, алғыс-тілектерін білдіріп жатты. Оқушылар тез тіл табысып, балалар үйінің тыныс тіршілігімен , сонымен қатар жатын бөлмелерімен танысып шықтық. Бөлмелер таза, жылы, жиһаздар мен жабдықталған.Мемлекет тарапынан балаларға қолдау көрсетіп, жағдай жасалған.
Бір түсінгеніміз, әр адам балалар үйіне барып тұруы тиіс. Себебі мұнда келіп әркім өзі іздегенін табады. Өмірдің қатал сынына іліккен жаны таза балаларға қарап, олардың кіршіксіз көңілдерімен өз жаныңызға да жайлылық сыйлайсыз.Іс шара соңында оқушылар, тәрбиеленушілермен суретке түсіп, қимастықпен қоштасты.
Іс-шараға ат салысқан оқушыларға,  ұстаздарымызға
АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!!!   https://www.facebook.com/share/v/12GgVc27q3o/


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив